деп хабарлайды Лиганың ресми сайтынан.
Айдын иелері алғашқы шабуылдан-ақ есеп ашты, барыстықтардан Вадим Краснослободцев көзге түсті. Бірақ бір минуттан кейін «Спартак» та есе жібермей, Мартин Цибактың күшімен есепті теңестірді. Одан кейін «барыстықтар» ойынды толық өз бақылауларына алып, қарсыластарының қақпасына тағы үш шайба салды. Ол шайбалардың авторлары - Йозеф Штумпел, Илья Соларев және тағы Вадим Краснослободцев болды. Ойынның екінші кезеңінде «Барыс» тағы екі нәтижелі шабуыл жасап, есепті 6:1-ге жеткізді, бұл жолы Кевин Даллмэн мен Константин Романов көзге түсті.
Үшінші кезеңнің басында «Спартак» ойыншысы Ярослав Обшуту «Барыс» қақпасын бағындырса, астаналықтар оған үш голмен жауап берді. Штумпел екінші шайбасын салса, Константин Глазачев пен Максим Спиридонов - бір-бір голдан салды.
Ойынның 53-ші минутында «Спартак» ойыншысы Дмитрий Упер үшінші шайбаны салып, ойынның нақты есебін белгіледі.