29 жасар хоккейшi екi жылдық келiсiмге қол қойды. Майк Ландин қазақстандық командада 63 матч өткiзiп, 28 ұпай жинады. Оның пайда көрсеткiшi « 8».
Бұның алдында клуб басшылығы Дмитрий Уппер мен Виталий Еремеевтiң келiсiмшарттарын ұзартқан болатын.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан хоккей құрамасының ойыншысы Кевин Даллманмен келісімшарт жасау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Ол бұдан бұрын 2008-2012 жылдар аралығында «Барыс» сапында өнер көрсеттi.