Алғашқы кезеңде командалардың қай-қайсысы да жақсы ойын өрнегін көрсете алар еді. Дегенмен, «Барысқа» сәттілік көбірек бұйырды. Екінші жиырмасыншы минутта новокузнецкілік «Металлург» өз алаңында жағдайды оңалтуға тырысты. Алайда бір соғылған шайбаға қонақтар үш шайбамен жауап қайтарды. Дастин Бойд екі рет шайба соқты. Бұдан кейін Брэндон Боченски орталық шабуылшының тамаша берген шайбасын түзеп, қақпаға бағыттады. Бұл кезде қазақстандық команда азшылықта ойнады. Кейінірек «Барыс» екі минут бойы 5 ойыншыға қарсы үш адам болып, қорғануға мәжбүр болды, бірақ та табандылық танытты. Үшінші кезеңде қауіпті сәттер болғанмен қақпаға шайба соғылмады.
Келесі ойын - Новосібірде 15 қыркүйекте өтеді (басталуы - Астана уақытымен 18:00-де), онда «Барыс» жергілікті «Сибирьге» қарсы ойнайды.
«Металлург» Нк - «Барыс» - 2:5 - (0:2; 2:3; 0:0)
13:46 - 0:1 - Николай Антропов (Руденко, Старченко)
17:27 - 0:2 - Роман Старченко (Антропов) ГБ
20:58 - 1:2 - Райан Стоа (Лашофф, Фэйрчайлд)
23:10 - 1:3 - Дастин Бойд (Боченски)
24:14 - 1:4 - Дастин Бойд (Доус) ГБ
27:49 - 1:5 - Брэндон Боченски (Бойд) ГМ
31:45 - 2:5 - Ансель Галимов (Макаров)
Қақпашылар: Лацо - Сорокин, Хакимов (24:14 - 60:00)