Ұсынылған материалдарды мұқият тексерген СТК Рыспаевқа қатысты ереженің 528-тарауы 1-бөлімі бойынша жазаны өзгеріссіз қалдырды. Осылайша қазақстандық хоккейші ойынның соңына дейін (5 мин 20 мин) алаңға шығу құқығынан айырылды. Тәртіптік регламенттің 26-бабы 3.7-бөліміне сәйкес Рыспаев үш ойыннан шеттетілді. Ағымдағы маусымда ойын алаңындағы бірқатар ұрыстың тууына себепкер болғандықтан, ол автоматты түрде тағы екі ойыннан шеттетілді. Сөйтіп, «Барыс» форварды бес ойынға қатысу құқығынан айырылды, деп жазды Sports.kz.
17:49, 22 Қаңтар 2016
«Барыс» ойыншысы Дамир Рыспаев бес ойыннан шеттетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық-тәртіптік комитет 21 қаңтарда болған «Барыс» - «Авангард» ойынының эпизодына қатысты шешім шығарды. 35-ші минутта алаң иелерінің форварды Дамир Рыспаев қонақ команданың қорғаушысы Михал Кемпниге шабуыл жасағаны үшін ойыннан шығарылды.