«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дың қыркүйектегі ең үздік қорғаушысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының үздік хоккейшілерін анықтау жөніндегі комиссия қыркүйектің лауреаттарын жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚХЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Барыстық» Даррен Диц ең үздік қорғаушы атағына ие болды. Спортшы 11 матчта командамен бірігіп 6 мәрте жеңіске жеткен, тиімділік көрсеткішінде 12 (4 8) ұпай жинады. Сондай-ақ, «Нефтехимик» пен риждік «Динамоның» қақпасына шайба соғып, жеңіске тұғырына көтерілді. Канадалық қорғаушы қақпаға 39 мәрте шайба лақтырып, 21 мәрте күштеу әдісін көрсетті. Сондай-ақ, қарсыласының 12 соққысын тежеп тастаған (қорғаушылар ішіндегі айдың ең үздік көрсеткіші).