Айдың ең үздік голкипері нижнийновгородтық «Торпедо» командасының мүшесі Станислав Галимов болды.
Аптаның үздік қорғаушысы Санкт-Петербургтің СКА командасының өкілі Патрик Херсли атанды.
Ал үздік форвард атағы астаналық «Барыс» клубының шабуылшысы Найджел Доусқа бұйырды. Ол чемпионаттың 15 матчында 15 рет шайба соғып, нәтижеге алып келген бес пас берген.