«Барыс» ойыншысы мұз үстінде әйелдер мерекесіне орай ерекше құттықтау жолдады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан хоккейшісі Талғат Жайлауов өзінің және «Барыс» клубындағы әріптестерінің атынан 8 Наурыз мерекесіне орай мұз үстінде әйелдерге ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл құттықтауға қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен де қосылды. Ол өзінің құттықтауын «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасына қалдырды.

«Қымбатты қыздар, 8 наурыз мерекесімен! Сіздердің арқаларыңызда әлем әрленіп, гүлдене түседі. Сіздер, ер-азаматтарды ұлы істерге, батыл қадамдар мен жаңа ерліктерге жетелейсіздер. Жалпы айтқанда, СІЗДЕР ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІСІЗДЕР! Сондықтан да сіздерге тек бүгін ғана емес күн сайын мол бақыт, махаббат, қамқорлық тілеймін! Мейрамдарыңызбен!», - деп жазады Д.Тен.