«Барыс» өз алаңында СКА-дан ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты аясындағы кезекті ойынында астаналық «Барыс» өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) хоккей клубымен ойнады.

Кездесу 3:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Шешуші сәт ойынның үшінші кезеңінде орын алды. Петерборлықтар небәрі 40 секундтың ішінде екі шайба енгізді.