19:47, 21 Қараша 2012
«Барыс» шабуылшысы Талғат Жайлауовтың голы КХЛ-ның апталық үздік голдар ондығына кірді
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - «Барыс» шабуылшысы Талғат Жайлауовтың «Трактор» қақпасына кіргізген голы КХЛ-ның өткен ойын аптасының қорытындысы бойынша үздік он шайба қатарына енді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Лиганың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.