«Барыс» Швейцариядағы Lehner Cup турнирін жеңіспен бастады
10:54, 17 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға дайындық аясында Швейцарияда өтіп жатқан «Lehner Cup» турниріне қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалықұжым алғашқы ойында жергілікті «Амбри-Пиотта» командасын 4:1 есебімен жеңді.«Барысқа» жаңадан келіп қосылған шабуылшы Аркадий Шестаков 3 (2+1) ұпай жинады.Ол екі шайбаны да командасы азшылық болғанда соқты. Қақпада Хенрик Карлссонтұрды.
Ертең«Барыс» Швейцарияның тағы бір командасы «Цугпен» ойнайды. Одан әрі 20 тамызда«Давос», 22-сі күні «Лугано» командаларымен күш сынасады.
«Барыс»(Нұр-Сұлтан) – «Амбри-Пиотта» (Амбри) 4:1 (2:0, 2:1, 0:0)
1:0 -Шестаков (Петухов) - 10:57.
2:0 -Панюков (Петухов, Шестаков) - 18:13.
3:0 -Пакаринен (Диц) - 23:34.
4:0 -Шестаков - 32:26.
4:1 - Флинн(Цвергер, Фора) - 34:43.
Қақпашылар:Карлссон – Граховина.
Фото: hcbarys.kz