деп хабарлайды ҚазАқпарат «Барыс» хоккей клубының фан-сайтына сілтеме жасап.
Швейцариялық «Амбри-Пиотта» командасы біздің «Барысты» 3:2 есебімен (1:0, 2:2, 0:0) жеңді. «Барыстың» ішінде Штумпел мен Жайлауов көзге түсті.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» Швейцарияда өткен жолдастық кездесулер аясында үш ойында қатарынан жеңген болатын. Бірақ «Амбри-Пиотта» елордалық барыстардың жеңіс шеруіне кедергі бола алды.