Матч 2:1 есебімен «Трактордың» жеңісімен аяқталды. Челябі командасының құрамында Александр Рыбаков (13-минут) пен Рихард Гюнге (52-ші) қарсыластар қақпасына шайба соқса алаң иелерінен Максим Афиногенов (49-шы минут) көзге түсті.
Челябі командасының жеңісі «Барыстың» турнирдегі орнына әсер етіп, ол 63 ұпаймен жетінші орынға түссе, «Трактор» 65 ұпай алып, алтыншы позицияға жайғасты.