НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасында елордалық «Барыс» «Сочи» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтында сілтеме жасап.
Ойын бүгін 15 ақпанда 12 000 көрерменді сыйғызатын елордадағы «Барыс Арена» стадионында өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17: 00-де Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл маусымда командалар өзара кездескен. Онда қазақстандық клуб ойыншылары Сочиде 4: 1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Барыс» Шығыс конференциясында 77 ұпаймен үшінші, Сочи клубы 66 ұпаймен Батыста тоғызыншы орында тұр.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.