Минскіде өткен кездесуде алаң иелері жеңіске жетті. Беларусьтың сапынан Александр Павлович (10-минут) пен Никита Мицкевич (34-минут) гол салса, "Барыс" командасының жалғыз шайба авторы - Брэндон Боченски.
Айта кетейік, бұның алдында "Барыс" xоккейшілері төрт матч қатарынан жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық клуб Шығыс конференцияда 81 ұпаймен 5-орында тұр.
Минск "Динамосы" қатарынан үш жеңістен соң Батыс конференцияда 90 ұпаймен 6-орында келеді.