Бірінші кезеңде «Автомобилист» жауапсыз үш шайба лақтырып, Астана хоккейшілеріне мүмкіндік қалдырмады, қақпаны «алғандар» - Илья Крикунов, Алексей Михнов және Александр Торченюк.
Үзілістен кейін «Барыс» қарсыластың қақпасына доп соғып үлгерді, мұны Нұрсұлтан Белгібаев жасады. Матчтың қорытынды бөлігінде шайба салынбады.
«Барыс» ертең, сағат 15:00-де Хабаровскінің «Амурымен» кездеседі.