Бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Алайда, екі жақта да жақсы мүмкіндіктер болды. "Барыс" үш мәрте бір xоккейшіге артық құрамда ойнаса да, "Трактор" қақпасының саңлауын таба алмады. Ал екінші кезеңде қарсыластар өз мүмкіндігін қалт жібермеді. Пол Щеxура соққан шайбаны "Барыстың" қақпашысы ұстай алмады. Есеп - 0:1.
Осыдан кейін астаналық клубтың xоккейшілері өз шабуылдарын үдете түсті. Үшінші кезеңде Кирилл Кольцов "Барыс" xоккейшісінің ойын таяғын қасақана сындырғаннан кейін төрешілер айыпқа буллит белгіледі. Найджел Доус оны іске асыра алмады. Дегенмен, бір минут өтпей, Доустың өзі команданың сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестірді. Ойынның негізгі уақыты осымен аяқталды. Овертаймда қарсыластар айласын асырып кетті. Қорытынды есеп - 1:2
Сонымен, төрт матчтың қорытындысы бойынша есеп теңесіп отыр. Плей-оффта келесі айналымға шығу үшін қарсыласты төрт рет жеңу керек. Әзірше - 2:2.