«Барыс» жанкүйерлерін тасымалдауға автобус шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana LRT» ЖШС қазан айында «Барыс» хоккей матчтары өткізілуіне байланысты арнайы Shuttle-Bus автобустарын шығарғалы отыр. Бұл туралы компанияның Фейсбуктегі парақшасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті қала тұрғындары мен меймандары!  3, 7, 9, 22, 26, 28, 30 қазан күндері «Барыс» хоккей матчының өткізілуіне байланысты қала көшелеріне арнайы Shuttle-Bus автобустары (жеткізу және әкету) шығады. Автобустар «Қазақстан» спорт кешені мен Бөгенбай батыр ескерткіші (Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа көшелерінің қиылысындағы) алдындағы тұрақтарда болады. Автобустар жұмыс күндері сағат 18:30-де, ал демалыс күндері сағат 16:15-де жолға шығады», - делінген хабарламада.

Shuttle - Bus автобустары жолаушыларды «Барыс-Арена» спорт кешеніне жеткізеді.

«Shuttle - Bus арнайы автобустарының билет құны қала ішіндегі қоғамдық көліктермен бірдей. Автобустардың жоғарыда аталған уақытын ескере отырып, жолға шығуды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.