«Барыстан» ұтылған «Нефтехимик» клубының бапкерлері орындарынан босатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нефтехимик» командасының бас бапкері Евгений Попихин және оның көмекшілері Олег Ореховский мен Николай Заварухин отставкаға кетті. 3 қарашада бұл команда «Барыстан» 4:5 есебімен ұтылған болатын, деп хабарлайды sports.kz.

Татарстанның Нижнекамск қаласы командасының бас бапкерлігіне Попихин 2015/16 маусымының орта тұсында келген. Оның жетекшілігімен «Нефтехимик» 16 мат өткізді, оның сегізінде жеңіске жетті. Шығыс мәслихатының тізімінде клуб 16 ұпаймен 11 орында тұр.