АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» ойыншысы, канадалық Алекс Грант Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тарихында 4 гол соққан алғашқы қорғаушы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сhampionat.com мәлім еткеніндей, А. Грант бүгін Владивостокта «Адмирал» қақпасына 4 гол енгізді. Канадалық хоккейші сонымен қатар, екі кезеңде 4 гол соққан үшінші ойыншы болып отыр. Бұған дейін ҚХЛ-да осындай нәтижеге Максим Якуценя мен Найджел Доус қол жеткізген еді.
«Барыс» сапында бұған дейін қорғаушылардан Кевин Даллман ғана 3 гол соққан болатын. Ол 2008 жылы 8 қазанда ЦСКА командасымен өткен матчта хет-триктің авторы атанған еді. «Барыстың» тағы бір ойыншысы Найджел Доус 2013 жылы 22 ақпанда «Трактормен» бәсекеде 4 гол соққан-ды.
Биылғы маусымда Гранттың есебінде 16 (7 9) ұпай бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге екі үміткердің бірі екендігін жазған болатынбыз.
ФОТО: HCBARYS.KZ
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).