«Барыстың» бас жаттықтырушысы Владимир Крикунов Қазақстан құрама командасының жетекші қызметіне тағайындалды
14:49, 31 Шілде 2012
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - «Барыстың» бас жаттықтырушысы Владимир Крикунов Қазақстан құрама командасының жетекші қызметіне тағайындалды,
деп хабарлады Vesti.kz Хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ресейлік маманның кандидатурасы атқарушы комитеттің кезектен тыс отырысында мақұлданды. Бас жаттықтырушыдан өзге басшылық ұлттық команданың бас менеджерін тағайындады, ол лауазымға өзінің агенттік қызметімен белгілі Шуми Бабаев лайықты деп табылды.
Бас жаттықтырушы мен құрама команданың менеджері 2012/2012 маусымға командалардың дайындық жоспарын әзірлеулері тиіс.