'Барыстың» бірінші тобы ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі топ деп танылды

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана «Барысының» хоккейшілері Найджел Доус, Дастин Бойд пен Брэндон Боченски 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты тарихында ең нәтижелі топ деп танылды, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстан командасының бірінші тобының есебінде соғылған 14 шайбалық доп бар. Осыған дейінгі жетістік өткен кезеңде жаңарған болатын, онда Челябинскінің «Трактор» командасы (Станислав Чистов - Ян булис - Евгений Кузенцов) осыған дейін екі рет қайталанған 10 шайба соғу жетістігін қайталады.

Атап өту керек, соңғы 13 жылда чемпионатты осылай ешбір үштік бастаған емес. Осыған дейінгі үздік нәтиже 11 шайба болатын. Оны 2006/2007 жылғы кезеңде Қазанның «Ақ барысы» орындаған болатын.

ҚХЛ чемпионатының ең нәтижелі тобы - Нижегородскийдің «Торпедосы». Олар 2010/2011 жылғы кезеңде 58 шайба соққан. Ал 13 жылда Қазанның «Ақ Барысы» үздік топ атанды, 2006/2007 жылғы кезеңде олар 60 шайба соқты.

Еске салып өтсек, «Барыс» соғылған шайбалар бойынша бірнеше рекорд орнатқан, олардың саны жеті ойыннан кейін қырыққа жетті.