Бұл команда ҚХЛ чемпионатына биыл қосылған болатын. Сол себепті осы уақытқа дейін «Барыс» пен «Адмирал» бір-ақ рет кездесті. Қазан айында өткен матчта Астана қаласының хоккей клубы Владивосток құрамасын 3:1 есебімен ұтқан.
Айта кетейік, қазіргі кезде «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 4-ші орында келеді. Оның еншісінде 73 ұпай бар. Ал оның бүгінгі қарсыласы - «Адмирал» 48 ұпаймен 19-шы орында.