Лига ашылғалы бері бұл екі команда 11 рет кездескен болатын. Соның жеті матчында «Барыстың» мерейі үстем болса, төрт ойында «Динамоның» жолы болды. Соңғы рет Рига қаласында кездескенде, Астана қаласының хоккей клубы буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған. «Динамо» қосымша екі ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бірнеше сатыға көтерілді. Қазір оның еншісінде 55 ұпай бар. Соның арқасында команда 6-шы орында тұр. Ал «Барыс» 58 ұпаймен 4-ші орында келеді.
Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.