«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Салават Юлаев»

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасымен күш сынасып көрмек.

Айта кеткен жөн, Құрлықтық хоккей лигасы аясында бұл екі команда 17 рет кездескен. Соның 10 матчында «Салават Юлаевтың» жолы болса, 7 кездесуде «Барыстың» хоккейшілері жеңген. Өткен жылғы чемпионаттың статистикасына қарасақ, командалар бір-бірін кезекпе-кезек жеңіп отырған. Ал биылғы чемпионаттың алғашқы матчында «Барыс» хоккей клубы өз қарсыласын 3:2 есебімен ұтқан. Соңғы бес ойында Астана қаласының хоккей клубы бір-ақ рет жеңілген. Уфа хоккей клубының да көрсеткіші сондай. Жалпытурнирлік кестеде де екі команданың арасы алыс емес. «Барыс» 70 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Салават Юлаев» 62 ұпаймен алтыншы сатыда келеді.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 17:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.