- Күліңіздер, ұрсыңыздар, бірақ осы күнге дейін ешкім Қазақстанда плей-офф өтіп жатқанын білмеді. Ал енді барлық ірі БАҚ осы шараны жазуда. Дамир өз командасы үшін жұдырықтасты. Ол «Вашингтонның» Овечкині секілді, қазақстандық лиганы тек жарнамалап жатыр. Тек Овечкин гол соғады, ал Рыспаев адамдарды қорқытады. Сол үшін оған сыйақы тағайындау қажет. Себебі, ол қазақстандық лиганы жаңа деңгейге көтерді, - деп мәлімдеді Назаров.
16:56, 22 Наурыз 2017
«Барыстың» бұрынғы бапкері Рыспаевты Овечкинмен салыстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нефтехимик» хоккей клубының бас бапкері, астаналық «Барыс» клубында Дамир Рыспаевпен танысқан Андрей Назаров Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі «Номад» пен «Алматы» матчында болған оқиғаға байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.