АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» командасының Ресейдің Қазан қаласында өтетін TANECO Кубогындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Татарстан астанасында 10-14 тамыз аралығында болатын турнирде қазақстандық клубтан өзге жергілікті «Ак Барс», «Локомотив» (Ярославль), «Трактор» (Челябинск) командалары ойнайды.
Әрбір команда топтық кезеңде үш және турнирдегі қорытынды орындарды анықтау үшін бір қосымша ойын өткізеді.
«Барыс» хоккейшілері алдымен 10 тамызда 16:00-де «Локомотивпен» шеберлік байқасса, 11 тамыздағы кезекті кездесуін 16:00-де «Тракторға» қарсы өткізеді.
Ал, 13 тамызда 20:00-де «Ак Барс» командасымен ойнайды.
14 тамызда 16:00-де 3-орын үшін кездесу белгіленсе, 22:00-де финалдық ойын жоспарланған.
Еске салсақ, биыл канадалық қақпашы Эдвард Паскуале «Барыс» құрамына қайта оралды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.