«Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған», - деді М. Қазиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар тілшілер оның кінәсі дәлелденсе, қандай шешім шығуы мүмкін екенін сұрады.
«Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады», - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді.