Бас әскери прокуратурада бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен Бас әскери прокуратурада бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды.

Атап айтқанда, әділет полковнигі Александр Подушкин Сарыағаш гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Шымкент гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды. Ал Сарыағаш гарнизонының әскери прокурорлығына бұған дейін Бас әскери прокуратура аппаратында қызмет атқарған әділет подполковнигі Николай Комиссаров тағайындалды. Сонымен қатар, Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметінде болған әділет подполковнигі Есжан Сыбанбаев Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.