Аталған ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алқа нәтижесі бойынша кадр саясатын және жеке құрамды дайындау жүйесін одан әрі жетілдіруді көздейтін шешім қабылданды.
12:07, 01 Шілде 2012
Бас әскери прокуратураның алқа мәжілісінде кадрлық саясат мәселелері талқыланды
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың төрағалық етуімен Бас әскери прокуратураның кезекті алқа мәжілісі өтіп, онда әскери прокуратура органдарындағы кадрларды таңдап алу және қабылдау жұмысының жағдайына талдау жасалды.