Бас банкир өз шәкірттерін даярлауға кірісті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі мен Назарбаев университеті қаржы мамандарын бірлесіп даярлауға келісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ол жерде қаржы магистрі мамандығы ашылды. Аталған мамандық Ұлттық банктің қатысуымен ашылып отыр. Біз олармен бірге оқу бағдарламасын да, силабусты  да пысықтадық. Енді, қаржы магистрлерін кім және қалай даярлайтынын білеміз. Алдағы уақытта осы мамандықтың түлектері Ұлттық банкте де, жалпы еліміздің қаржы саласында да сұранысқа ие болады деп сенеміз. Назарбаев университеті - еліміздің маңдайалды жоғары оқу орны. Оны шетелде де мойындайды. Сондықтан екі жақты ынтымақтастығымыз қаржы мамандарының сапасын жақсартады деген үмітіміз бар. Бүгін біз кіріспе дәрісті оқимыз", - деді Данияр Ақышев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, брифинг кезінде Бас банкир теңге бағамына қатысты өз болжамын да жариялады. Оның айтуынша, қазіргі кезде валюта айырбастау бекеттеріне жаппай жүгіріп, одан табыс көрудің қажеті жоқ.