Оңал Ботайұлы Бекеев ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы ҚР ІІМ қарасты МКҚД үкіметтік мекемелерді және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі милиция полкінің инспекторы лауазымынан бастаған.
1999-2015 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарды.
2018 жылы Алматы облысының ПД бастығының орынбасары болды, ал 2019 жылдың қазан айынан бері – көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарып келеді.
Бүгінгі күні Оңал Бекеев басшылық ететін көліктегі ПД еліміздің әуе және темір жол нысандарындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Аталған нысандар - халық көп шоғырланатын орындар. Сондықтан көлік полицейлерінің қызметі қашан да зор маңызға ие.
«Осындай жауапкершілігі жоғары қызметтің басы-қасында жүрген тәжірибелі басшы, полиция полковнигі О. Бекеевті «Айбын» ордені марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да қызметіне абырой мен сәттілік тілейміз!» дейді департамент ұжымы