Сағат 10:36 Астана әуежайына Бек Эйр» (Bek Air) АҚ авиакомпаниясының «Фокер-100» маркалы ұшағы апаттық жағдайда қонды. «Қызылорда-Астана» бағытында №2041 рейс жасаған әуе кемесінің бортында 121 адам болды, оның ішінде 116 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Жапа шеккендер жоқ.
Аталған факт сот алдындағы тергеу амалдарының бірыңғай реестріне ҚР ҚК 344 бабының 1 бөліміне сәйкес тіркелді.
Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.