Кездесуде әлемдік дәстүрлі діндердің халықтар арасындағы татулықты нығайтудағы рөлі мен маңызы жайлы сөз болды. Бас мүфти еліміздегі мешіттердің жұмысы, медреселер мен діни оқу орындарының кадр дайындау қызметі жайлы баяндап берді. Сонымен қатар елімізде әр үш жыл сайын өтетін әлемдік дәстүрлі дін көшбасшылары құрылтайының жұмысы мен басқосудың конфессияаралық өзара түсінік қалыптастырудағы үлесін атап өтті. Елші Джон Ордвей Бас мүфтиге Америкадағы мұсылмандардың бүгінгі ахуалы, олардың құқықтық мәртебесі, АҚШ-тағы мешіттердің тыныс-тіршілігі туралы мағлұматпен бөлісті. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.