Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н. Калашникова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов т.б. қатысты.
Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасын іске асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының парламенттік жүйедегі өкілдігі: нәтижелері мен тәжірибесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мәселелері талқыланды.
Еліміздегі бірлікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып отыр. Бұл ретте Ассамблеяның міндеті ұлтаралық қатынастарды үйлесімді ету болса, оның өзі мемлекеттің тұрақтылығын нығайту дегенді білдіреді. Сол үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімділігін әлем мойындап келеді.