«20 шілдеден бастап мұсылман қауымы ораза ұстайтын болады. Біздің бауырларымыз, апа-қарындастарымыз, ата-аналарымыз, Қазақстандағы мұсылман саналатын 26 ұлт пен халық өкілдері ораза тұтпақ. Барлық мұсылмандарды осы мерекемен құттықтаймын», - деді Әбсаттар қажы Дербісәлі. Сондай-ақ ол биыл оразаның 30 күнге -18 тамызға дейін жалғасатынын айтты. 19 тамызда мұсылмандардың Айт мерекесі басталады.
Еске сала кетсек, Рамазан айы кезінде ораза тұтқандарға күндіз су ішуге, тамақ жеуге, темекі тартуға және нәпсіге берілуге тыйым салынады. «Кешкісін күн батқан соң әркім үйреншікті қалыпқа көше алады. Егер адам осы ораза тұтқан уақытта ауырып қалса, ораза тұтылмаған күндерін жазылғаннан кейін өтесе болады», - деді мүфти.
Биыл Алматыдағы қайырымдылық садақасының мөлшері адам басына 100 теңге деп белгіленді. «Әдетте садақа мөлшері 2 келі бидайдың бағасымен өлшенеді. Бірақ біз ауқатты мемлекетпіз. Сондықтан биылғы садақа мөлшерін адам басына 100 теңге деп белгіледік», - деп түсіндірді Әбсаттар қажы Дербісәлі. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.