ҚМДБ мәліметінше, Ресейден келген қонақ Қазақстандағы, жалпы әлемдегі діни ахуалды сөз етті. Тараптар халықты игілік пен имандылыққа үгіттеу жолында тізе біріктіріп, ынтымақтасқан түрде жұмыс істеуге уағдаласты. Ғалым өз кезегінде Бас мүфтиге кітабын сыйға тартты.
18:35, 21 Маусым 2012
Бас мүфти Шәміл Аляутдиновты қабылдады
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі белгілі ғалым, бірнеше ғылыми кітаптардың авторы, имам Шәміл Аляутдиновты өз өтініші бойынша қабылдады.