«Кітаптың ерекшелегі сол, тілі жатық әрі сенімге селкеу түсіретін сауалдарға нақты жауап жазылған. Ол сүннет жолын ұстанған үмбеттің санасында таcқа басылғандай таңбаланған таным тұғырларын талдап, тұғырлап берген бірегей дүние. Ендеше намаздың алдында тұратын иман парызының негіздерін нығырлап, мұсылманның ғұмырлық кредосын нақтылап беретін еңбектің игілігін исі мүміннің бәрі көрсе игі, сол арқылы ұмытылған құндылықтарын құнттап, ұлықтай білсе игі»,-деп жазады muftyat.kz.
13:29, 17 Шілде 2013
Бас мүфтидің «Таным тұғыры» атты еңбегі жарық көрді
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАҚпарат - Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Таным тұғыры» атты жаңа кітабы қалың оқырманға жол тартты.