Бас мүфтидің жаңа кітабы оқырманға жол тартты

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаушылар ауыз бекітудің артықшылықтары мен сауабы жайлы мәлімет іздейтіні хақ.

Ендеше, «Мүбәрак Рамазан» атты жаңа кітапта оразаның қыр-сыры, оған қатысты мәселелер жайлы қанықты мағлұматтар берілген. Рамазан айының артықшылықтарын, оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын, Қадір түнінің қадірін «Мүбәрак Рамазаннан» табасыз. Сонымен қатар осында Ораза айт туралы деректер де қамтылған. Авторы - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы, деп хабарлады www.muftyat.kz.