Бұл туралы бүгін өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Сайлау күнінде түрлі ақпарат көздерінде дауыс беру жәшіктеріне бюллетеньдерді жаппай тастау туралы хабарлама болды. Қазіргі кезде анықталғанындай, бұл әрекеттер арандатушылық сипатқа ие. Мысалы, Алматы қаласының Әуезов ауданындағы № 426-ншы сайлау учаскесінде белгісіз ер адам жәшікке бюллетеньдерді жаппай тастаған. Ол ұстау кезінде жасырынып үлгерді. Алайда, байқаушылардың қатысуымен жәшікті ашқан кезде қастық жасаушы бюллетеньдер емес, бюллетеньдерге ұқсас өзі жасаған түсті қағаздардың парақтарын тастағандығы анықталды»,-деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, құқықбұзушы кейіннен өз еркімен Әуезов ауданының прокуратурасына келіп, әрекетін комиссия мүшелері мен байқаушылардың жітілігін тексеру мақсатымен жасағандығын түсіндірді.