Бас прокуратура бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратура белгілі бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровтың ісіне қатысты Жоғарғы сотқа кассациялық наразалық туралы өтінім жолдады. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кассациялық шағымға қатысты бизнесменнің зайыбы Ольга Әбдіғаппарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. https://www.instagram.com/p/CpR4T5cqfDI/

«Сіздердің А.Әбдіғаппаровқа қатысты сот актілерімен келіспеу туралы өтініштеріңіз қаралды. Қылмыстық іс материалдарындағы дәлелдер зерделеніп, 2023 жылғы 27 ақпанда Бас прокуратура Жоғарғы сотқа сот актілерінің күші жойылды деп тану туралы кассациялық наразылық құжатын енгізді», - делінген Бас прокуратураның жауабында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр шілде айында Parmigiano Group компаниясының басшысы Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды.

Атап айтқанда, Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты элиталық Esentai City Тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлікті сатып алушыға тиесілі 418 640 000 теңгені меншіктеп алу ісі бойынша үкім шығарған болатын.