Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Бас прокуратура өкілінен істі бұрынғы облыс әкімі Б. Рысқалиевтің Лондонда неліктерн емін-еркін жүргенін сұрады.
«Оған қатысты сырттай шығарылған үкім бар. Бірақ, бізде Англиямен арада экстрадиция туралы келісімдер жоқ. Тиісті келісімдер болмаса, біздің құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды», - деп түсіндірді Әсет Шындалиев.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің Лондондағы Burberry киім дүкенінің алдында суретке түскенін жазған болатын.