"Соңғы жылдары қолға алынған шаралардың негiзiнде азаптау фактiлерi бойынша түскен арыз-шағымдардың саны 100 есеге артты. Қылмыстық үдеріске тартылған тараптар қорқыныштан арылды, құқықтық әдiлдiкке сене бастады. Соның нәтижесiнде азаптау әдiстерiн қолданған құқыққорғау органдары қызметкерлерiнiң саны артты. Егер 2008 жылы осыған қатысты 3 қылмыстық iс қозғалып, 1 қызметкер сотты болса, 2013 жылы азаптау әдiстерiн қолдану фактiлерi бойынша 35 қылмыстық iс қозғалып, 31 полиция қызметкерi сотталды", - деп атап өттi ол.
Оның сөзiне қарағанда, бұл қылмыстық саясатты түбегейлi өзгертудiң нәтижесiнде және мемлекеттiң осы орайдағы нақты қадамдары арқасында мүмкiн болған.