Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан семинар-кеңесте ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.
«Жазаны өтеу үдерісін даралау үшін сотталған адамның тәртібін бағалау енгізілді. Енді сотталғандар жазаны өтеу кезеңінде тағдырларын өздері айқындайды. Тәртіптің алты дәрежесі бойынша құқықтық жағдайды нақты әрекеттермен өзгертудің мүмкіндіктері бекітілді. Мысалы, бірінші дәреже - қамауда ұстаудың қарапайым жағдайы, екіншісі - жеңілдетілген, үшіншісі - жеңілдікті шарттар, төртіншісі - колония түрін өзгерту, жазаны неғұрлым рақымды түріне ауыстыру, сондай-ақ соңғы түрі мерзімінен бұрын шартты босатуға байланысты», -деді Ж. Асанов Қылмыстық атқару кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің жаңа моделіне көшу мәселелері бойынша семинар-кеңесте.
Осы орайда сотталғанның түзелуіне қарай қамауда ұстау жағдайын нақты жіктеу жүргізілуде.
Ж. Асановтың сөзіне қарағанда, жаңа Қылмыстық атқару кодексі көбінесе сотталғандардың құқығын қорғауға негізделген. Онда қоғамдық байқаушылар комиссиясы мен ұлттық алдын алу тетігі қызметі түріндегі қоғамдық бақылаудың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілген.
Атап айтқанда, жаңа жүйеде жазаны өтеу кезеңінде сотталушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп отыр.