деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, осы мәселеге байланысты ақпанның 10-ы күні Жамбыл облысының Отар ауылында Бас әскери прокуратура мен Қорғаныс министрлігінің бірлескен мәжілісі өтті. Онда әскери ведомстволар мен прокуратура органдары қолданып отырған шараларға қарамастан, қару-жарақ айналымы саласында қалыптасқан проблемалар азаймай отырғандығы айтылды. Атап айтқанда, қазір қару-жарақтарды ұрлау мен олар сақталатын қоймалардың жарылуы мен қару-жарақпен байланысты төтенше жағдайлар әлі де болса орын алуда. Кей жағдайда осы оқиғалардың салдарынан адамдар да мерт болуда. Осындай жарылыстар өткен жылы Арыс қаласы мен Алматының маңайындағы Қараой ауылында орын алды. Аталмыш оқиғаларға байланысты жүргізілген тексерулер мен Үкімет мүшелерінен құрылған комиссия жұмысының нәтижелері, сондай-ақ прокурорлық тексерулер елімізде қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сақтауда өрт қауіпсіздігіне қатысты ережелердің сақтамайтындығын көрсеткен.
Осыған байланысты еліміздегі қару-жарақ айналымы мәселесін Бас прокуратура қазір басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Өткен жылдың 3-ші тоқсанында аталмыш саладағы заңдардың орындалу барысына түбегейлі тексеру жүргізіліп, тексеру жұмыстары барлық өкілетті мемлекеттік органдар мен ерекше қауіпті компоненттерді залалсыздандырумен айналысатын кәсіпорындарды қамтыды. Тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылып, олар жөніндегі мәліметтер Үкімет пен Елбасының және Қауіпсіздік кеңесінің назарына жеткізілді. Қазіргі таңда осы мәселеге байланысты бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылуда.
Отырыста сонымен қатар Қазақстан әскерінің имиджін арттыру мәселесі қаралды. Осыған қарай қазір әскердің жағымды бет-бейнесін қалыптастыру мен Отан қорғаушы кәсібін танымал ету бағытында ақпараттық-насихат шараларын күшейту шаралары қолға алынуда.