Бүгін өткен брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай осылай атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұргүл Жандосова Бас прокуратураға жанұясын қорғауға алу туралы арыз түсірген болатын. Н. Ысқақовтың зайыбы өзінің жанұясын белгісіз біреулер аңдып, ұялы телефон арқылы қорқытып жүргендерін мәлімдеген болатын. Ол құқық қорғаушылар отбасы мүшелеріне провокациялық әрекеттер дайындап жатуы мүмкін деген күдігін де айтқан болатын.
«Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер сотта қаралуда. Қаржы полициясы тарапынан істі болғандар мен олардың жанұяларына қатысты ешқандай қарсы іс-шаралар жасалып жатқан жоқ екендігін ресми мәлімдейміз», деп атап көрсетті ресми өкіл.
«Айыпталушы Н.Ысқақовтың зайыбы құқық қорғаушылар тарапынан провокациялық әрекеттер дайындалып жатқандығы туралы арыз түсіргендіктен, барлық қадағалау функцияларының негізінде Бас прокуратура қызметкерлері оны тексеруге алуы тиіс», деп атап көрсетті ол.