Жиын барысында қадағалау қызметінің нәтижелері талданды, проблемалық сұрақтар көтеріліп, алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды», делінген хабарламада.
Өткен жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған бірінші кезектегі міндеттер анықталды. Бас прокурор облыстардың прокурорларына бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау бойынша мүлтіксіз шаралар қабылдауды тапсырды.
Қылмыстылықпен күрес жөніндегі жұмыстың ашықтығын және ішкі істер органдары жұмысына жұртшылық тарапынан бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетте жұмыс істеп тұрған ақпараттық сервисі негізінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы жасалып (32-қадам) жатқаны, алқа мәжілісінде аталып өтті.
Қазіргі уақытта сервис барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ 20 моноқаланы қамтып отыр.
Жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін 7 моноқала және 250-ден астам аудан орталығын қосу қажет. Оның толық қызмет етуі биылғы жылға жоспарланған.