«Ол 28 жастағы орта білімді жұмыссыз адам. Қандайда бір арнайы діни сауаты жоқ. Үйленген, бірнеше балалары бар», - делінген хабарламада.
2013 жылы Қазақстанда экстремизм мен лаңкестік фактілері бойынша 83 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралған. Бұл 2012 жылы сотталғандардан (127 адам) едәуір аз. Сотталғандардың ішінде 51 адам лаңкестік, 31 адам экстремизм қылмыстары үшін жазаланды. Ең көп істер Атырау, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.