Бұл туралы Бас прокурор Асхат Дауылбаев КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында Артур Платоновқа берген сұхбатында мәлім етті.
«Осы жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары басшыларымен өткізген кеңесінде прокуратура органдарының жұмысын да әділ сынға алып, тиісті тапсырмалар жүктеген болатын, - деді А.Дауылбаев. - Біз өз қызметіміздің басты мақсаты заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау деп білеміз. Сондықтан да біз өз жұмысымыздың неғұрлым бұқараға ашық болуын мақсат етіп қойып отырмыз. Прокуратура органдарына күніне бірнеше жүздеген адам әділеттілік іздеп, өздерінің құқықтарын қорғау үшін жүгінеді. Менің өзім күніне 20-50 адамды қабылдаймын».
Ол сонымен қатар Бас прокуратура жанынан Парламент депутаттарының, азаматтық қоғам ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылғанын атап өтті. Осындай құрылымдар барлық прокуратура органдары жанында жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде 140 мыңға тарта азаматтың еңбекақы жөнінде 8 млрд.теңгеден астам талабын қанағаттандырып, еңбекақы қаражаттары өндіріліп берілді. Бас прокурордың блогында кез келген азамат өздерінің сұрақтарын қоя алады. Олардың бірде бір талап-шағымы ескерусіз қалмайды. Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталыққа 115 нөмірі бойынша байланысқа шығуға болады.
«Сондай-ақ біз өзінің қызметіне жауап қарайтын қызметкерлерімізді тиісті тәртіпке салып отырамыз. Құқық қорғау органдарын аттестаттау нәтижесінде өз жұмысын тиісті атқара дәрежеде алмайтын қызметкерлеріміздің 10 пайызымен қоштастық», деді Бас прокурор.