Мұндай жағдайды ретке келтіру және өтініштердің қаралуын ашық ету мақсатында, сондай-ақ өтініштермен жұмыс тәртібін жетілдіру және олардың қаралу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура «Айқын» деп аталатын жаңа жоба жасап, енгізетін болады.
Атап айтқанда, прокуратура мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік органдарға берілген 4 миллионнан астам өтініштің 1 272-сінің қаралу мерізімі бұзылған. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті осыған орай «Айқын» жобасын енгізуге байланысты брифинг өткізбекші.