Байқауды өткізудің мақсаты - жоғары білікті қызметкерлерді анықтау, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру, кәсіби қызметті көтермелеу және ынталандыру, прокурорлық мамандықтың беделін көтеру болып табылады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Үміткерлерге жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізумен қатар креативтік ойлау қабілеті, жұмысты жетілдіруге бағытталған жаңашыл идеялар, сондай-ақ үміткердің жеке басының қасиеттері мен моральдік бет-бейнесінің болуы басты талаптардың бірі ретінде қойылды.
Республикалық байқау комиссиясы кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша 36 қызметкерді анықтады, олардың арасынан 17 номинант «Өз мамандығының үздігі» атағына ие болды, қалған 19 қызметкер үздік қызметкерлер тізіміне енгізуге ұсынылды.
Бүгін прокуратура күнін мерекелеу құрметіне орай өткізілген салтанатты жиналыста байқау жеңімпаздарына белгілер және дипломдар табыс етілді.